Өлеңдер ✍️

  03.12.2022
  328


Автор: Амантай Әбдіқанұлы

Күздегі көктем



Күз күні. Жамансудың* сары белі.
Сары бел бір әуреге салып еді.
Сары жалынға оранған сары орманда
Бүрін жарған бір көктем қалып еді.

Ол кезде мен де сондай көктем едім,
Бір-ақ рет сол көктемді өпкен едім.
Бір жазда екі көктем бола қоймас,
Уәделі көктеміме кеткен едім.

Амал не,
Ол кеткенім — мол кеткен-ды,
Оралмасқа мені алып жол кеткен-ды.
Сарала жапырақтар арасынан
Әлі күнге іздеймін сол көктемді!

Әлі күнге көзі есте жаудыраған,
Жауып тұрды жапырақ саудыраған.
Қазыр мендей сарғайған шығар ол да,
Қайран көктем қаусамай сау тұра ма!?

— — — — 
* жамансу — Ақсу аймағының ауылы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу