02.12.2022
  241


Автор: Фариза Оңғарсынова

ҚЫЗДЫҢ ЖОЛЫ ҮЛКЕН

Қазақта қыз баланы аялап, еркін өсіруге, оның дегенін істеуге тырысқан. Ата-əже, əке-шешесі, ағалары мен іні-бауырлары қыз баланың қандай тілегі болса да орындаған.
Қызды тек төрге отырғызған. Қыз бала төменгі жаққа отырып қалса, төрдегі ең үлкен адам өз орнын беруге дейін барған.
Қыз бала отырған жерде анайы əзіл-оспақ, былапыт сөзді əңгімелер айту аса ұят болып есептелген.
Баяғыда ұзатылып кеткен қыздары төркініне қонаққа не қыдырып келгенде де аса құрметтеп, оның бабын табуға ауыл болып атсалысқан.
Қыздан туған жиенді қатты еркелетіп, нағашысының ауылында не істеймін десе де ерік беретін əдет – оның анасына, яғни сол үйден, сол ауылдан шыққан қызға деген қадір-құрметтен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу