02.12.2022
  118


Автор: Фариза Оңғарсынова

СӘЛЕМДЕМЕ

Алыстағы дос-жаран, жолдас-жора, ағайын-тумаға, реті келгенде, жүрген жолаушыдан дəм жəне басқа бұйым беріп жібереді.
Қалада тұратын Асхаттың үйіне бейтаныс біреу келді. Ата-анасы жұмыста еді, Асхат үйде сабаққа дайындалып отырған.
– Шырақ, анаңның бірге оқыған құрбысы Əсима  біздің ауылда тұратын еді, мынау сол кісінің сəлемдемесі, – деп шағындау қағаз қорапты ашып қарап еді –
сүрленген жамбас, ірімшік-құрт, кішкентай Динаға арналған болу керек – ойыншық бар екен.
Бұл дəстүр адамдардың бір-біріне жақындығын, жанашырлығын бекіте түседі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу