02.12.2022
  97


Автор: Фариза Оңғарсынова

ҚОНАҚ КЕЛГЕНДЕ...

Қонақты жастар үй сыртына шығып қарсы алады.
Ер адамдарды үйдің ер балалары, əйел-қыздарды келінқыздар қарсы алады. Қазіргі біздің жағдайымызда, есіктен кірген адамға:
– Төрге шығыңыз!
– Жоғарылатыңыз!
– Төрлетіңіз! – деген дұрыс.
Үйде ата-анасы жоқ кезде қонақ келсе, балалар жылы ілтипат білдіріп, ата-анасын жоқтатпай, қонақты күте білгені жөн.
Үйден қонақ кетер кезде, балалар кебіс салады, яғни, əркім босағадан өз аяқ киімін іздеп жатпауы үшін жəне ілтипаттың, құрметтің белгісі ретінде қонақтардың аяқ  киімін ыңғайлап қояды жəне сырт киімдерін кигізеді.
Қонақтардың өздерін ғана қалдырып, үй иелері ас қамы, қонақтың бабы деп жүгіріп кетпейді. Көргенді үйдің иесі қонақтармен əңгіме-дүкен құрып, тамақ келгенше зеріктірмеуге тырысады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу