Өлеңдер ✍️

  02.12.2022
  563


Автор: Гүлсім Сатыбалды

Талпыныңыз ренжімей..

 


Біреулердің тілінде жоқ керім үн,
Болмаса да, біреудің өткелі мұң.
Толмайтұғын көңілі ештемеге,
Жұлдызы жоқ, көп пенде, көктемінің?!


Мін тағуда, боламыз арайлы адам,
Өзімізді көрмейміз шарайнадан.
Сөз дегенің, сырыңның хабаршысы,
Ауырудан алыстар, абайлаған!


Берген Алла, мінезді тал бойыма,
Дейміз тағы тіл берген таңдайыма.
Жамандықты өзіміз жасап алып,
Тағдыр дейміз, жазылған маңдайыма.


Тағдыр екен, денсаулық, өлім деген,
Басқа бәрін жасайсың қолыңменен.
Алла заңы осылай, үкімінде,
Дұрыс болар, иеңнен, бөлінбеген!


Жыламаңыз, тек біз деп, жарымаған,
Дарымайтын дүние дарымаған.
Талпыныңыз, ренжімей жақсылыққа,
Жаратпаған бастысы жарым адам….!


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу