Өлеңдер ✍️

  01.12.2022
  380


Автор: Александр Пушкин

* * *

Шіркін-ай, қашан, қай шөлде,
Ұмытар есуас оларды?
Қос балтыр жүрсің қай жерде
Көктем боп қай гүл оралды?
Шығыстың шуақ шағында,
Солтүстік мұңлы қарында
Қалмады-ау, басқан ізіңіз,
Көк кілем көркін сүйдіңіз;
Мөлдір шық сипап моншағын,
Мен қашан болдым ұмытқан
Атақ пен көңіл суытқан
Атамекен қоршауын?
Балғын шақ өшті алдымда,
Ізіңдей сенің шалғында.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу