Өлеңдер ✍️

  29.11.2022
  351


Автор: Сүндет Сейітов

Өртенді

Өртенді... Өртенуде байтақ мекен,


Арамдық қарғыс атқыр қай тапта екен?


 


Өртенді жан-жануар, жеміс-жидек,


Адамдар күлден жасап, кебіс кимек.


 


Райхан гүл өртенбесін, ұлық Құдай,


Табиғат дерт көрмесін, ұлық Құдай!


 


Көзде де от бар дейді, алып күштен,


Кімнің көзі екен бұл ағып түскен?


 


Ішінде қызыл өрттің кім қалады,


Құтқармақ кімдер келіп бұл даланы?


 


Хамиша мен пақырда тілек қана,


Ішімде өрт, жанбағаны жүрек қана...


 


Болатын шығар бәлкім көпке өнеге,


Көзімнен жас ақса егер, от сөне ме?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу