Өлеңдер ✍️

  29.11.2022
  109


Автор: Сүндет Сейітов

Қолыңды қанға жума ей, мұсылман!

Қолыңды қанға жума, ей, мұсылман,


Жолыңа қаның сеппе, ей, мұсылман!


 


Бағыңды өзің ғана байлап жүрсің,


Жаныңды өзің ғана қарнап жүрсің!


 


Мың жыл бұрын кім едің — ғалым едің,


Атағы дүнияға мәлім едің...


 


Он сегіз мың ғаламның бар жұмбағын,


Бір орныңнан шешем деп тапжылмадың.


 


Ей, мұсылман баласы, жаратылыс,


Болмайды ибадатпен ғана тыныс.


 


Ибадат тек сенде емес, бар бәрінде,


Хайуанда, табиғатта, жан-тәніңде.


 


Түнгі аспан неге мұнша түнерді екен,


Құдай дінінің барын білер ме екен?!


 


Құдайым көріп тұр ғой дүниені,


Әз басын соған ғана кім иеді?


 


Әз басын иген жанның көбі надан,


Пәнидің бағы да — адам, соры да — адам!


 


Жаныңды кірлетпеші, ей, мұсылман!


Адамзат ерсін десең оң тұсыңнан.


 


Дүние тұра берер сенсіз де аман,


Қырсық сөз айта көрме жөнсіз маған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу