27.11.2022
  114


Автор: Қазақ ырымдары

Келін түскенде, қыз ұзатылғанда, жолаушы сапардан оралғанда, құда не туыс-туған келгенде, тағы басқа қуанышты күндерде ауыл әйелдері құрт-ірімшік, қанткәмпит, күміс тиын араластырып, топтасып тұрған адамдардың ортасына «шашу, шашу!» деп айқайлап тұрып шашады. Шашуды барлығы теріп алып, ырым ретінде үйіндегі балаларына апарып береді. Шашуды әйелдер ғана шашады. Еркек шашпайды. Шашуды балаларға берудің себебі—«ырысты болсын» дегені.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу