Өлеңдер ✍️

  24.11.2022
  454


Автор: Еркін Оралбай

СЕЗІМ СЫРЫ

СЕЗІМ СЫРЫ

Мені еліткен төгілген көзіңнен нұр,
Мақтай берді демегін сөзіммен құр.
Қайталасам, сүйем деп күндіз-түні,
Жүректегі бұлқынған сезімнен бұл.

Ойламағын бір жандар қол ұсынды,
Мен көрмеймін болса да ол мүсінді.
Сенен асқан мен үшін сұлу жан жоқ,
Себебі, сүйемін бар болмысыңды.

Сенен таптым махаббат деген бақты,
Сезім келіп, ет жүрек елең қақты.
Қайта жүздім махаббат айдынында,
Деп жүргенде тереңге кемем батты.

Өзіңменен жан сырым түйіскелі,
Өлең болып төгілді күй іштегі.
Сенен сұлу бола алмас мақтаса да,
Хор қыздары сыланған пейіштегі.

Қалың оймен өтеді кештің дені,
Деген сұрақ жүректе "шештің нені?".
Іздеп барам, себебі, сен сияқты,
Шын сүйгізе алмаған ешкім мені...

ЕРКІН ОРАЛБАЙҰЛЫ



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу