Өлеңдер ✍️

  24.11.2022
  373


Автор: Айтқалиев Айдос Даниярұлы

Жүрек керек

Уақыт керек барлығына уақыт керек, 


Қосыла алмай кетсекте шыдам керек 


Арамыздан қаншама сызат түссе 


Барлығына көнетін төзім керек. 


 


Төзім керек естимісің төзім керек


Ешкім емес маған тек өзің керек, 


Қара аспанға қарап түңілмеу үшін


Арамыздан бірге жанар сезім керек. 


 


Талай жылдар өтседе арамыздан, 


Әлі де екеумізге уақыт керек, 


Бірге қонар басымызға бақыт керек


Адамдардың арасынан кездесетін, 


Білесіңбе жаным-ау жүрек керек. 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу