Өлеңдер ✍️

  21.11.2022
  459


Автор: Гүлсім Сатыбалды

Бомж

 


Болмысы, адам болып жаратылған,
Ерекше жан ба екен, дара туған?
Бомждың, көріп келгем түрлі ұлтын,
Ал бүгін, қазақтарға қала тұнған.


Жан барды, бақ іздеген, таңнан-нұрдан,
Әйелі, үй, көлікті арман қылған.
Көк базар, құбырында жатыр жігіт,
Баяғы ұсқыны жоқ, таңдандырған!


Жауабын сұрағымның айта алмайды,
Танып тұр.
Басы да бір, шайқалмайды.
Жерлес деп, жүруші ек, сіз-біздесіп,
Көзінен көрініп тұр, айқай жаны.


Қалалық, еді жары, күн еліндей,
Көрместі, күйеуін бір тірегіндей.
Бір ортақ, балдары да, бар еді деп,
Күйзелдім, сезіп сырды, жүрегім кей.


Қашанда, сөз түзуді ұлық көрген,
Ой түзу, үлгі етіп, үміттенген.
Бүлікті, бәленшелер бастағанмен,
Азабы, ілесіп жүр жігіттермен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу