14.11.2022
  578


Автор: Жаңа жыл

Жаңа жылың құтты болсын бауырым (ініме)

Жаңа жылың құтты болсын бауырым,
Жаңа күнің шаттығымен тербелеп.
Денсаулығың мықты болсын жан інім,
Денсаулық қой біздерге бұл ең керек.

Жаңа күнде жетші інім табысқа,
Жаңа жылда жаңашылық орналып.
Жаратқаным жар болсыншы өзіңе,
Бар жақсылық бір өзіңе арналып.

Көңіліңде қайғы-мұңың болмасын,
Әр күн сайын қуанышқа жетіп сен.
Денсаулығың мықты болып бауырым,
Бақытты бол, шаттықты бол өмірде ең...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу