Өлеңдер ✍️

  12.11.2022
  146


Автор: Дәмелі Құсайынқызы

Арманда кеткен ана

Соғыс кезі, шілде айы, күн дегенің, жанып тұр,
Айдалада жалғыз ана қолда таяқ налып тұр.
Екі көзі батыс жақта, сорлы ана жылайды,
Көз жасы оның бетін жуып, омырауына тамып тұр,
Сол күні ана атқарып жүр, мал бағатын кезегін,
Қасында оның қабы жатыр, тере жүрген тезегін.
Майдандағы қос құлынын сағынып жұр мұнды ана,
Сағынып жүр қос құлынын, жарып шыққан өзегін.
Соғыс өрті батыс жақта деп еститін мұңлы ана,
Батыс жаққа қарап тұрып күңіренеді толғана.
Ғинат жаным, Ғиззат жаным, қос құлыным сағындым,
Дейді ана, біріңнен де қалмады ғой қолғанат
Зәнзебіл деп аталатын көрші шешем болатын,
Күтуменен өтті байғұс майданнан қос қанатын.
Қасіретке толып кеткен көкірегін сол ана,
Әлсін-әлсін жасын төгіп сәл ортайтып алатын.
Сонда да ана күн-түн демей еңбек етті жатпады,
Қос құлынының суреттерін, қос ұлындай баптады.
Сандықтағы сарғыш тартқан қос құлынының суреті,
Сол анаға серік болды, бар өмірін сақтады.
Ана жүрді өмір бойы қос ұлынан хат алмай,
Үйде оның қарты отырды аяғынан баса алмай.
Ұлы келмей, келін алмай, немере де сүйе алмай,
Өтті сөйтіп бір отаудың шаңырағы жасармай.
Бар ананың зарыққаны сұм соғыстың зардабы,
Қан майданнан оралмады ананың қос ардағы.
Жылдар жыпжып өттіп жатгы, қос құлынын көре алмай,
Сол ананың көз жұмғанда іште кетті арманы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу