Өлеңдер ✍️

  12.11.2022
  191


Автор: Дәмелі Құсайынқызы

Халық көрді қиындық

Халық көрді қиындық,
Жұмыс таппай тиындық.
Егеменді ел болдық деп,
Көкке бөрік шиырдық.
Аяйсың көп адамды,
Жұмысы жоқ табанды.
Жоқтық қысып сандалды,
Бұзар жігіт қамалды.
Арыз ханға жетер ме,
Мақтанамыз бекерге.
Ел байлығы әр жолмен,
Асып жатыр шетелге.


Ей, ағайын, тоқтаңыз,
Мақтанбайық босқа біз.
Ана тілін менсінбес,
Айналыпйыз топқа біз.
Нандығы мен шайлығы,
Үш мың теңге айлығы.
Зейнеткерлер қалмағай,
Күн көрістен айырылып.
Сылтау қылып нарықты,
Толды ақшаға торсықтар.
Соры қайнаған халықты,
Теспей сорды борсықтар.
Үріп ішіп тұнықты,
Алыпсатар құнықты.
Болған сайын, болсын деп,
Құдай барын ұмытты.
Жалбақтауды ойлаймыз,
Жалтақтауды қоймаймыз.
Тірілер қалды елеусіз,
Өлгендерді тойлаймыз.
Өмір сүріп жарасты,
Билікке әркім таласты.
Елді емген ептілер,
Теңіздерден әрі асты.
Кедей езді малтасын,
Бай томпайтты қалтасын.
Сыйғыза алмай асырды,
Шетелдерге ақшасын.
Жақынға да жат болдық,
Қате жолмен жүрдік пе.
Халқым бүгін тап болды,
Жанды жеген тірлікке.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу