Өлеңдер ✍️

  12.11.2022
  214


Автор: Дәмелі Құсайынқызы

Той жоралғысы

Жайылған жазираға айдынға ұсап,
Бәріңе қуанышпен жайдым құшақ.
Сіздермен жүздесетін сәтте жетті-ау,
Араға асықтарған ай күнді сап.
Келіпсіз шақырғанға мол алғысым,
Халықшыл, кішіпейіл, болармысыз.
Ауданның бір ақыны аталған соң,


Жасайын той бастаудың жоралғысын.
Есімім аталады Дәмелі деп,
Кей кезде өлең жазам әдемілеп,
Түртініп от басында жүрген жай бар,
Ошақтан ұзай алмай әрігірек.
Болдыңыз бастамада Мәтжан аға,
Ізіңіз үлгі болар басқаға да.
Тілден, жерден айрылып қала жаздап,
Тұрмыз қазір ұшырап масқараға.
Басқа теуіп қайнайды қаны құрғыр,
Қыйналады шырқырап жаны құрғыр.
Жерімізге түр қазір көз алартып,
Тойынып ап әлде кім дәмім ұрғыр.
Жетер енді бәріне төзгеніміз,
Ойланатын келіп тұр кездеріміз.
Табан тіреп, ел бастап ақыл айтар,
Сенерміз, ағажан, өздеріңіз.
Егеменді елімді шарлап жүрсіз,
Еліміздің хал-жайын барлап жүрсіз.
Облыстың тандаулы ақындары,
Отты жырды халыққа арнап жүрсіз.
Хош келдіңіз, Қатимолла, ақын інім,
Жайылып шар-тарапқа жатыр үнің.
Атайды мақтанышпен есіміңді,
Қосылса қос қазақтың басы бүгін.
Ұстанып Мұхит жолын әнге бастың,
Өнерің салтанатты сәнге ұласты.
Халқының сүйікті ұлы болып алдың,
Домбыраң күмбірлеген монғол асты.
Шолпаным, айналайын, жарқылдаған,
Жүлдеге алған домбыраң алтындаған.
Қалаулы қалқымыздың қызысың ғой,
Шақырса айтыстарға тартынбаған.
Шолпанжан еліміздің мақтанышы,
Өнермен жасынан жүр атсалысып.
Тең түссе айтысқанда қарсыласы,


Қызыққа қарық болар басқа кісі.
Дариға әнің мақпал, жүзің мақпал,


Келіпсің, ақын сіндім, Фурман жақтан.
Ән қосам пай-пайлатқан әуеніңе,
Сол әнді айта алады өзі баптап.
Жазарма өлең арнап біліспеген,
Жүлдеге алған домбыраң күмістеген.
Ана жылы айтыста көргенім бар,
Оралға барғанымда жұмыспенен.
Өлеңің шырқап берсең таңға жетер,
Аялы қоңыр даусың жанға жетер.
Дон-Еділ балам бүгін шарқатып бақ,
Әлі де шырқайтының алда жетер.
Сыпырған томағасын сұңқарларым,
Бәйгеге тағы түсті тұлпарларың.
Сабалап шабытымды қиқулаттым,
Мәреден озғаныңның шырқар бағың.
Мен бүгін жерден жеті қоян таптым,
Үстінде түрғандаймын алтын тақтың.
Шет елге де танымал ақындармен,
Жүздесіп жырдан кұрап шапан жаптым.
Барым осы аз деме, көп демеңіз,
Өлең жазып әріптес боп келеміз.
Халқын жинап өнерлі тарландарым,
Келіп тұрса тағы да хош көреміз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу