Өлеңдер ✍️

  12.11.2022
  115


Автор: Дәмелі Құсайынқызы

Қызым Гүлфараға

Аспандағы айды алып бер деп ең,
Кешір қызым, ол қолымнан келмеді.
Күніңді көр жұрт қатарлы елменен,
Ай керек қой тіршілікке жердегі.
Жаңа ғана қырық жасқа толыпсың,
Рухани жан азығың молықсын.
Көкте күліп тұра берсін Ай мен Күн,
Одан басқа барлық бақыт жолықсын.
Баруға да мүмкіндігім болмады,
Ақ тілек қой үлкен сыйлық қолдағы.
Онға бөлген жүрегімнің бөлшегін,
Қабыл алшы хат арқылы жолдадым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу