Өлеңдер ✍️

  12.11.2022
  105


Автор: Дәмелі Құсайынқызы

Облыс ақыны Жаңыл Жүрмағанбетова апаға хат

Жан апа - Жаңыл апа армысыңыз,
Бітірмек, бітпей жатқан барма ісіңіз.
Мені алғаш топқа қосқан сіз едіңіз,
Жетер ме хат арқылы алғысымыз.
Жол ашып көбейткенсіз санымызды,
Білейін хат арқылы халыңызды.
Ел жайлы, көңіл жайлы толғаңызшы,
Сарқығым келіп кетті барыңызды.
Әр кезең жыр жазудан тартынбасын,
Білемін сізден сөздің артылмасын.
Ападан суыртпақтап хал сұрайын,
Тағы бір топқа түсіп жарқылдасын.
Ағытар түйдегімен сөз ілегін,
Келеді жақсылардың көзі дегім.
Хат жазып хабарласпай жан апатай,
Бұл күнде тағып жүрмін өзіме мін.
Қарттыққа, Жаңыл апа, алдырмаңыз,
Жүзге жетпей ат басын шалдырмаңыз.
Бермеген бәйге алдын ала сізге,
Әрқашан қарыздармыз алдыңда біз.
Жағдайдан хабарым аз елімдегі,
Жазуға елден хабар ерінбеңіз.
Сырым баба елінен әрқашанда,
Жақсы хабар алуға сенімдеміз.
Сөз етсем өзім жайлы азды-көпті,
Жазбайын хатқа тізіп барды жоқты.
Замананың ағымын пайымдайтын,
Әйтеуір, рухани арлы боппыз.
Серік қып рухани азығымды,
Іс қылдым азды-көпті тағылымды.
Сәлем етіп елді бір көргім келіп,
Бүл күнде сарқып жүрмін сабырымды.
Сыздатқан көкірегін ауыл әні,
Көптеген айтыстардың балуаны.
Апамыз жауап хатты толғағанда,
Қолдағай Сырым баба аруағы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу