Өлеңдер ✍️

  12.11.2022
  230


Автор: Дәмелі Құсайынқызы

Ақындарға

Өткір тіл жыр шеберін ақын дейміз,
Сөз тапқыр ұшқыр ойлы болса егер.
Жүрекке ұяласа мақұл дейміз,
Онда тек ақын үшін қол соға бер.
Кәкім мен Дәмелі ақын бастамасы,
Жалғасса оған ешкім жоқ таласы.


Басылды газетгерге қос ақынның,
Толғаған жырларының топтамасы.
Осы жаз басталады айтыс деген,
Кім қалай танылады тартыспенен.
Суырылып шығар, сосын талай саңлақ,
Бәйгіде де шашына шаң түспеген.
Қос съезд жүктеп отыр зор міндеттер,
Ақындар от жырымен елді үгіттер.
Ұштаңдар өткір етіп қаламыңды,
Дем беріп ер еңбектің туын көтер.
Шабыттың биігіне жырмен өрлеп,
Өмірде әзіл-оспақ сын деген көп.
Паш етіп жырлаңыздар ел табысын,
Айтысып салайық бір жырдан өрнек.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу