Өлеңдер ✍️

  12.11.2022
  208


Автор: Дәмелі Құсайынқызы

Жүрегім сағыныштан ауырады

Құрметті Жосалылық ағайындар,
Сізге бір сәлем жолдап алайын да.
Көзіммен маңдайдағы көрмегенмен,


Көкірек көзіммен бір қарайында.
Құрметті Жосалылық туыстарым,
Араға көп жыл салып жуыспадым.
Бәріңді бір аралап көрмеген соң,
Жургенім өз өзімнен қуыстанып.
Құрметті бірге оқыған құрбыларым,
Ағыттым Сіздерге арнап жыр бұлағын.
Мектепте бірге оқыған кезімізді,
Көзіме елестетіп жүрмін әлі.
Құрметті Жосалылық жерлестерім,
Біріңмен ища десіп, сен деспедім.
Бәріңді бауыр санап жүрмін-десем,
Кейбірің сенермедің, сенбеспе едің.
Бастауы көңіл, көзі шырағының,
Әнімнің шып-шып аққан бұлағының.
Сарқылмас қайнар көзі
Сіз деп білем,
Құрметті Жосалылық мұғалімім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу