Өлеңдер ✍️

  12.11.2022
  120


Автор: Дәмелі Құсайынқызы

Ақ тілек

Бой жеткен қызына анасынан арнау
Он сегізге толдың карғам,
Тарам-тарам жол тұр алда.
Кеудең толы болсын арман,
Кім боласың өзің таңда.
Қайырмасы:
Ерке-бұла шақтарыңды,
Бантик байлап жатқаныңды.


Елестетіп көз алдыма,
Атқызармын ақ таңымды.
Қадағалап қадамыңды,
Жасқа шылап жанарымды.
Сағынышпен өтер күндер,
Күтуменен хабарыңды.
Қайырмасы:
Жалғыздықтан торыққанда,
Елесіңмен жолыққанда.
Өзімді өзім қолға алармын,
Жолың болсын жорытқанда.
Қайырмасы:
Жаңсақ жолға түспе жаным,
Уайым уын ішпе, жаным.
Ата-ананның тілегі сол,
Аппақ болсын іштегі арың.
Қайырмасы:
Адамдыққа қамданғанда -
Тосқауыл бол жалғандарға.
Адам болып келгеніңді,
Тойлап жатсам арман бар ма.
Қайырмасы:
Өсіп қалған шақтарыңды,
Ұзап бара жатқаныңды.
Елестетіп көз алдыма,
Атқызармын ақ таңымды.
Қайырмасы:




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу