Өлеңдер ✍️

  12.11.2022
  144


Автор: Дәмелі Құсайынқызы

Құйыл шабыт

Қайда тұрсаң тығылып, құйыл шабыт,
Тұрғандай бір мойнымда ауыр қамыт.
Тұйықталып қаламын кей кездері,
Қиял кейде самғайды көкті жарып.
Дауыл қуған толқын боп келмейсің бе?
Ақын болған жайыма сенбейсің бе?
Тығырыққа тіреліп жүргенімде
Көшкен бұлттай төбемнен төнбейсің бе?
Көшкен бұлттай төбемнен аунайсың ба,
Аунағанша құйып кеп жаумайсың ба.
Көрген түйген өмірден аз боп тұр ма?
Әлі кұнге диплом даулайсың ба.
Қайда тұрсаң ей шабыт жарыққа шық,
Мен бейбаққа бір талант дарытқасын.
Ақ толқыны шабыттың ән боп аунап,
Айдынында әлемнің қалықтасын.
Кетірмеші салымды суға менің,
Құйыл шабыт бір мезгіл бума мені.
Жырлайтұғын елім бар шабытпенен,
Өлеңімнің арқауы туған елім!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу