Өлеңдер ✍️

  12.11.2022
  149


Автор: Дәмелі Құсайынқызы

Сағыныш сазы

(Әні бар)
Қыз ұшырдым ұядан,
Ұл қондырдым қияға.
Көрмей жүрсем кеудемде,
Сағынышым сия ма?
Алтынайым неғып жүр,
Күмісайым неғып жүр,
Сол мазамды алып жүр,
Куанышым неғып жүр,
Алданышым неғып жүр,
Сол мазамды алып жүр.
Батыста жүр бір қызым
Шығыста жүр бір қызым
Бар қызым да қырмызы
Бәрі жарық жұлдызым.
Ақшолпаным неғып жүр,
Таңшолпаным неғып жүр,
Сол мазамды алып жүр,
Қуанышым неғып жүр,
Алданышым неғып жүр,
Сол мазамды алып жүр.
Қылығыңа тоймаймын,
Қызығыңа тоймаймын.
Көзден таса жүрсеңдер,
Күндіз-түні ойлаймын.
Қанаттарым неғып жүр,
Қарақтарым неғып жүр,
Сол мазамды алып жүр.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу