Өлеңдер ✍️

  12.11.2022
  119


Автор: Дәмелі Құсайынқызы

Тағдырым

(Әні бар)
Сап алтын болмасам да,
Алтынның сынығымын.
Сайрайтын анда-санда,
Даланың бұлбұлымын.
Қайырмасы
Өмірім жарасқанда,
Көңілім шарықтайды.
Көгілдір көк аспанда,
Әсем саз қалықтайды.
Сандуғаш болмасам да,
Сайрайтын анда-санда.
Тілегім тағдырым-ау,
Басымды шарға салма.
Қайырмасы
Шаттығым сел болғанда,
Көңілім жаз болады.
Көкірек көл болғанда,
Кеудеме саз қонады.
' Қайырмасы




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу