Өлеңдер ✍️

  12.11.2022
  436


Автор: Дәмелі Құсайынқызы

Аман жүр ұлым

Көңілім қатты алаңдап,
Өзіңді ойлап жүргенім.
Жүрсем де сырттай қараңдап,
Ойымда ылғи біргемін.
Аман жүр, жаным аман жүр,
Ойыңнан қума анаңды.
Балалық шақтан көкешім,
Алыстап жүрген шығарсың.
Анаңның жайын төтесі-,
Балалы болсаң үғарсың.
Аман жүр, ұлым, аман жүр,
Сені ойлап ылғи алаңмын.
Қайда да жүрсең, аман бол
Адам-бол қарғам, адал бол.
Еліңе, туған туысқа,
Қашан да балам алаң бол.
Аман бол қарғам аман бол,
Анаңа ылғи алаң бол.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу