Өлеңдер ✍️

  12.11.2022
  67


Автор: Дәмелі Құсайынқызы

Май жыры

Қыр гүлі ашылды,
Жер анам сөйлеп тұр.
Қызылды -жасылды,
Көгала көйлекті.
Көзіңді жаулаған,
Қыр гүлі самсап түр.
«Көк кілем» аумаған,
Жоқ ешбір жаңсақтық.
Бір ұшып, бір қонып,
Құстар да сайрайды.
Ырғақты жыр болып,
Жырлауға жарайды.
Құлпырған қыр гүлін,
Қызыға жинайсың.
Қыр шөбін қырмызы,
Басуға қимайсың.
Көңілдер көктеген,
Жап-жасыл беу Майым.
Көктемгі көкпенен,
Ән болып қаулайын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу