Өлеңдер ✍️

  09.11.2022
  909


Автор: Әліпов Айтбек Рымбекұлы

Әйелді сүю керек

Сөзін жазған Айтбек Әліпов,


Әнің жазған, орындаған Анарбек Қозыбақов.


 



 


Әйелге мейірімді үйіп берген,


Бау бақшасын тәнті етіп, жиып берген.


Көрік берген, көркем етіп өн бойына,


Нәзіктігін қылдай ғып, құйып берген.


         Әйелді сүю керек,


Сүю керек.


Еркелетіп,


Құшаққа қысу керек.


Жан жылуын сезініп,


Қымбат жанның.


Не қаларын жүрекпен ұғу керек,


Ұғу керек.


         Өмірдің қызғалдағы,


Гүлі де сол.


         Өмірдің шуақ шашар,


Нұры да сол.


Әйелсіз өткен өмір,


Тірлік емес.


Әйелді құшпай кеткен,


Еркек емес.


Әйелді сүю керек,


Сүю керек.


Еркелетіп,


Құшаққа қысу керек.


Жан жылуын сезініп,


Қымбат жанның.


Не қаларын жүрекпен ұғу керек,


Ұғу керек.


         Әйелге қамқорлықты төгу керек,


Сұрағаның әкеліп беру керек.


Жаурамасын, жалықпасын,


Еш нәрседен  тарықпасын.


Әйелдің мойнына жүктелген жүк,


Аз емес, оны да ұғынып қою керек.


Алыс кетсе сапарға, аптығасың, (2-рет)


Сезім таппай келгенше тарығарсың.


Құлазиды көңіл шіркін бір сәтте,


Жылы сөзін, мейірімін сағынасың, сағынарсың.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Ардақ
Ардақ 17.11.2022 12:36
Керемет осы сөздеріңізді әр бір ер адам санасына сіңдіре алса
Жанат Ұзақбайқызы
Айтбек мырза! Жасқа жас қосыла берсін, денсауылығыңыз мықты болсын, өміріңіз ұзақ болсын, отбасымен бірге бай құатты болуыңызғп шын жүректен тілектеспін! Ұл-қыздарыңыз,немерелеріңіз жарыңды құанта берсін әрқашан! Қаламыңыз ұштала берсін ???
Сағи
Сағи 12.11.2022 00:47
Айтбек Рымбекович, өнеріңіз өрге жүзсін! Керемет туынды болыпты!
Аяулым
Аяулым 11.11.2022 00:22
Айтбек Рымбекович! Өте керемет! Әсіресе, қазіргі қоғамда, әйел кісінің орны ұмтылып бара жатқанда, көркем өлең түрінде еске салып, өте әсерлі етіп жазыпсыз! Қаламыңыз ұштала берсін!
Сауле
Сауле 10.11.2022 22:03
Үйдегі жеңгейге повезло, қасында өзіңіздей романтик жігіті бар))) Жазарыңыз көп болсын!
Айман
Айман 10.11.2022 18:12
Қаламыңыз ұшталмасын, шығармашылық шабыт үзілмесін??Сіздің туындыларыңыз жүректен шыққаны көрініп тұрады
10.11.2022 18:11
Қаламыңыз ұшталмасын, шығармашылық шабыт үзілмесін??Сіздің туындыларыңыз жүректен шыққаны көрініп тұрады
Күреңбел баласы
Туғанынан дара болған Айтбек ағам, Шығармышылық алаңында орын алған Ермек үшін жазбаған өлеңдері, Тарихта орны қалар сия тамған
Самат
Самат 10.11.2022 14:35
Өте мағыналы, әйел затын құрметтеп, аялауды дәріптейтін өлең! Терең ойға батырады. Әбеке, өнеріңіз өрге жүзсін, қаламыңыз ұштала берсін!
Гүлмира
Гүлмира 10.11.2022 14:06
Айтбек Рымбекович, өте керемет өлең жолдары. Жүректен шыққан сөздер жүрекке жетеді. Ата-ананың бір-біріне деген қарым-қатынасына қарап балалары бой түзейді. Ортадағы сыйластық отбасының берекесі. Өлең жолдарын оқығанда осындай ой келеді екен.
Торғайлық ініңіз.
Әйелсіз өткен өмір, Тірлік емес. Әйелді құшпай кеткен, Еркек емес. Романтикалық лирика. Ностальгия! Көңілі кіршіксіз, жаны таза жанның жүрекжарды жыры. Айекең осындай азамат. Жазарыңыз таусылмасын!
Талғат Мухамедин
Айтбек қаламың мұқалмасын.әйел затымен аналар туралы талай ақындар жыр жазып әндер айтылуда.Көңілге қонымды,әні үйлесімді осындай қол таңбаларың көп болсын,шығармашылық жүрек жарды жырларың арта берсін!
Әділжан
Әділжан 10.11.2022 10:41
Керемет шықты
Назгүл қарындасыңыз
Ағай, осындай әйел затын сыйлайтын жары бар әйеліңіз қандай бақытты. Ер-азаматтардың барлығы әйел затын сыйласа қандай тамаша. Қаламыңыз қарымды болсын. Жазар таусылмасын.
Нурлы
Нурлы 10.11.2022 09:11
Айтбек Мырза, Керемет ән шумагы екен.. Тамаша ? Шіркін Осылай бағалайтын, Ер азаматтым болса, Әлемдегы ең бақытты Әйел болушы едім... ☺️??

Пікір жазу