Өлеңдер ✍️

  09.11.2022
  140


Автор: Дәмелі Құсайынқызы

Біз бақытты анамыз

Күннің нұры таралып,
Көктен күліп қарады.
Тағы жылжып барады.
Тарихтың бір парағы.
Қуанышпен жаңалық.
Эфирден таралып.
Есіткенді көз көріп,
Экраннан қарадық.
Мұңсыз біздің баламыз,
Әлемге ұран саламыз.
Әйелдер мен ерлер тең,
Біз баққытты анамыз!
Шарықтады санамыз,
Білімдіміз бәріміз.
Тарықпады баламыз,
Бейбітшілік әніміз.
Оңайлады жұмыстар,
Он төрт сағат тыныс бар.
Мамаң тыныш ұйықтасын,
Ұйықта, балам, тыныштал.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу