Өлеңдер ✍️

  08.11.2022
  197


Автор: Дәмелі Құсайынқызы

Көңіл

Қиналып әлі жүрмін-ай,
Кетіпсің ерте құрбым-ай.
Қатыгез неткен сүм ажал,
Асыққан екен құрғыр-ай.
Бағасы сай бір нарқына,
Жыр беріп кетті халқына.
Өзі үшін жасар өлеңі,
Қайырын берсін артына.
Жылағың келсе жылап ал,
Өлеңін жинап, сұрап ал.
Шашылып жүрсе жырлары,
Қолыңнан келсе қүрап ал.
Көзіңе кейде ерік бер,
Берік бол, құрбым, берік бол.
Ақының ақын қалдырса,
Кеудесін үрле, көрік бол!
Ажалдан мен де қорқақпын,
Ол жайлы ойға шорқақпын.
Қаламдас достың зайыбы,
Қайғыңызға ортақпын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу