Өлеңдер ✍️

  07.11.2022
  3363


Автор: Тоқтарқанова Дана

Сағындық ата өзіңді

Төбемдегі жарқыраған күнім едің,
Айы жарық,жұлдызы жарқын түнім едің.
Еске алып,атажаным ойлап сені,
Жүрегімде жыр жазылды бүгін менің.

11 жыл болды асқар тауым құлағалы,
Іштен тынып, жанымды мұңға шылағалы.
Ұл-қыздарың жоқтығыңа көне алмай аташым,
Жиендерің жүр сағынып сені нағашым!

Сені іздейміз бейтаныс жанның жанарынан,
Сені іздейміз қытымыр қыстың қаҺарынан.
Сені іздейміз жаздың жаймашуақ күндерінен,
Сені іздейміз күздің қара суық түндерінен.

Қалың ойға шомылып,өткен күнге үңілдім,
Өзің бар сәтті еске алып,бірде жылап,бір күлдім.
Тамырынан айырылған мәуесіз ағаштай боп,
Өзіңді ойлап жалғанда мынау түңілдім.

Білесің бе?! Сағындық ата өзіңді,
Таза бұлақтай мөлдіреген көзіңді.
Құшағыңа алып,әрқайсымызды иіскеп,
Сағындық ата «құлыным» деген сөзіңді.

Жаным,атам әрқашан биік шоқтығың,
Жанға батты бұл фәниде жоқтығың.
Сен кеткенде күңіреніп жатты елің,
Сарғайып,сағынады-ау халқы өз ерін.

Сенің қолың жетпеген арманыңа жетеміз,
Сен өтпеген көпірдің өткелінен өтеміз.
Өзіңе деген сағыныш ұшы-қыры жоқ теңіз,
Ұрпағыңды қолдап-қорғап,жебеңіз.

Жігерімді құлатып,жүрегімді жылаттым,
Сен кеткен соң жылдар бойы жан дүниемді жұбаттым.
Пейішің нұрға толып атажан,
Жаның болсын ақ төрінде жұмақтың!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Мира
Мира 03.05.2023 11:53
Өте керемет! Журектен шыққан сөз журекке жетеді дегені рас, козімді бір жуып алдым! Өркенің өссін, жаным! Қандай күшті сөз тауып жазыпсың, Атаңның рухы риза болған шығар...
Каусар
Каусар 20.11.2022 03:19
Курметти, Дана! Керемееет олен! Атам 3 кун алдын бул дуниеден кетти. Ишимдеги сезимдерди осы жылы оленде таптым, жылап окып жатырмын… Рахмет сизге!??❤️‍?❤️

Пікір жазу