Өлеңдер ✍️

  05.11.2022
  125


Автор: Дәмелі Құсайынқызы

Туған жер толғауы

Туған жерің өзіңе тартады екен,
Сағынып жүр өзіңді марқа бөпең.
Ауылымның сағындым адамдарын,
Жүртыңды да сағындым ата-мекен.
Ойы-қыры қүнарлы өңір еді, Орталығы
ауылымның «Қоңыр» еді. Қырда
қызыл қызғалдақ, ойда көгал, Көздің
жауын алатын төңірегі.
Ауылымның сағындым шыбығында,
Ұмыта алман ауылымды ғұмырымда.
Көк сағымды сағындым келбетін де,
Қалыптасқан сәбилік ұғымымда.
Әнімменен өзіңді тербейінде,
Қиялыммен төріңе төрлейін бе?
Туған жерім өзіңе өлең арнап,
Құлашымды биікке сермейінде.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу