Өлеңдер ✍️

  05.11.2022
  172


Автор: Дәмелі Құсайынқызы

Ақын жүрегі

Ақынның жүрегінде маза бар ма,
Мазалы жүрек өлең жаза ала ма.
Ақындар жүрегінен толғатады,
Кеудені жарған ойын тазаларда.
Ақынның жаны нәзік, жіңішкелеу,
Толқытса жанын жейді бір іс дереу.
Ақынның тауын шағып жер қылады,
Халқымен ортақ іске кіріспе деу.
Тіл безер тірелсе де арты жарға,
Жүк болар ақын дерті алты нарға.
Қуаныш, қайғысын да бөлісетін,
Ақынын бағалайтын халқы бар ма?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу