Өлеңдер ✍️

  30.10.2022
  319


Автор: Бақытқан Бұқатқанұлы

Шақ сөйлейді

Шақ сөйлейді


 


Беймаза жаным, жалының қайда жарқылдар,


Шабысым бітті-ау, шаттыққа шома қарқындар.


Алдым жар, артым буалдыр тұман секілді,


Өлтірерме осы, өрбісе тынбай қаңқулар.


 


Жасық та, пасық жалқауға бітпес шар басым,


Жүрегін соттап, адымын ашпай арбасын.


Шымылдық көңіл шырқына шырпы тұтатып,


Тыңдаушы достар еркіне басып сарнасын.


 


Қара тау өлкем, қара тал ұям тербеген,


Жан жолым жатыр күс аяқ пенен өрлеген.


Жетелеп әкем оқуға алғаш бергенше,


Жаңалап ұғым, бағалап бұйым көрмеп ем.


 


Шақтарды басып жетілген түрім басқаша,


Есігімді ерке мықтылық келіп ашқанша.


Далбаса, даңғой, әлкеуде, аңқау, нас болмай,


Мақұл ем мәңгі шыңырауына да тастаса.


 


“Кінәні артпа” дегенім артық болама,


Өкініш орны сарқылған көлдей солама?


Айтарым біреу адамзат біткен ағайын,


Танымы шолақ, тартуы азға жолама.


 


Жауапты кімдер, нағына жетіп білмеймін,


Жыл сайын қара құпия басқан түндеймін.


Сең болып жүріп, жел болып ұлып гулеймін,


Ондай бір сәтте ешкімді көзге ілмеймін.


 


Шешусіз тағдыр босамас деме әдетім,


Бермейме тыйттей, апырай, қайттым, медетін.


Ұрпағың қалар төркіндесінен дәметіп,


Жаудырар селше, сенімі кеміп нәлетін.


 


Беймәзә жаным белгісіз орның тұрақтар,


Ақымақ болмай құлағың түр сұрақ бар.


Ауызда ғана сөз екен жетер мұраттар,


Елдіктен еркін жүніміз жоқ-ақ жырақтар.


 


* * *


 


Әр неге көңіл желеді, орғи шабады,


Өбеді тастақ, қорғансыз жалтаң жағаны.


Табашы көздер жалтырап, елти ту сырттан,


Әніне басып, әлінен асып барады.


 


Қаңғырап кеуде, дығдырып жүрек талады,


Жалғастыра алмай қиюы қашқан араны.


Есіл еркіндік, көшелі шешім, қимас шақ,


Өкініш отын миыңа айқын салады.


 


Содан соң ұзақ кетесің жатық көсіліп,


Қонатын жұрттың шалғыны тұрсын жетіліп.


Абирсыз аңқау демей-ақ сенім сомдаған,


Тік тұяқ қыздың жүрегім енді сесін ұқ.


 


Азамат едім күдір жол басқан жасымнан,


Қиял мен әр кез ай менен күнге асылған.


Сағымдай шапшаң сумақы ойлар сілбілі,


Сыртымды қоршап, шықпырта соғып басылған.


 


Есілдер сүйген маңдайым шуақ қашанда,


Иемін, бірақ, арыммен айтқан қасамға.


Ақ пейіл көңілім, қалғымас ояу дүниеде,


Ақтаңдай еркін өмірге нұрды шашам да.


 


Жасаймын жарқын, табысам жарқын құсыммен,


Күніме тарту беремін нағыз ісіммен.


Тұрмыспа айтқан дәлелін шоттап көп даудың,


Барлығын әуел қимылыңнан-ақ түсінгем.


 


Кім-кімге өзге көрінер талай сынақта,


Адалдық арға аяғыңды аттап шыжақта.


Тыңдарың мынау, өтуге әбден бекінсең,


Менімен бірге азапқа мәңгі шыдап бақ.


 


Баладай босап, данадай зерлеп ақылды,


Қыстатын жерде жіберме шашау тақымды.


Есікті шерткен ашудың желі аяздай,


Тұла бойымды түршіктірді де, қатырды.


 


Адамның бәрін шамалап мүмкін өзіңдей,


Мұңдаспай келдің қояндай орғып безілдей.


Қалқиған қара көлеңкең сынды қасыңнан,


Кей сәттер көшер жаңарған елес көз ілмей.


 


Өмір деп ұққын, айрандай ұйыр тәртіпті,


Кеміңе күйіп, тізгінге атпа артықты.


Атылып, асып бұлаңдап үзген бараның,


Лаулаған өрттей боз даланы да шарпыпты.


* * *




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу