Өлеңдер ✍️

  28.10.2022
  471


Автор: Гүлсім Сатыбалды

Түсініксіз

 


Жүрегімнің ішінде сабылыс бар,
Өкпе-реніш, қуаныш, сағыныштар.
Қанша сырлар, ойыма тіл қатқанмен,
Бір өкініш жоқ екен, жалын ұшқан.



Қалауына көңілдің зыр жүгірем,
Тіршілікте, тұрса да, түрлі жүген.
Талпыныста, тәуекел құлатса да,
Өкінбеген екенмін тірлігімнен.


 


Кейде әлем көрінер, жаудыраған,
Қалмағандай, кейде бір, сау бір адам.
Өмір деген қызық ә, кейде өзің,
Түсінбейсің, керегін, жан сұраған!


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу