Өлеңдер ✍️

  24.10.2022
  389


Автор: Айтқалиев Айдос Даниярұлы

Қосылайық

Кім деп соғып жүрегің ұмтылады, 


Неге көзің қайғырып көп жылады 


Ғашық болып өзгеге қосыла алмай, 


Өміріңде үлкен орын бос қалады


Әр күні менде сондай ауыр сезім, 


Жоғалттым өзімде болмай сенім 


Армандағам мәңгі бірге боламыз деп, 


Үйленіп күн көріп қаламыз деп


Орындалмай қалған арман кетіп барад. 


Ақ көйлекпен басқа жарға ұзап барад. 


Ойлап ем сәлем салсаң ата-анама


Бір үйде жанымызда бала-шаға


Армандаған мақсатқа бірге жетіп


Соңында қол ұстасып өліп-кетіп. 


Жас емес жәй ғана жапқан жаңбыр, 


Аспанның жарлығымен соққан дауыл


Көріп тұрм аппақ келін аттаныпсың. 


Жанарың ақ жайнаған бақыттысың. 


Мен енді ешбір жанмен қосылмаймын


Жәй ғана махаббатты бақылаймын. 


Келесі өмірімде сені іздеп, 


Мәңгіге бір өзіңмен қосылайын.....




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу