Өлеңдер ✍️

  20.10.2022
  793


Автор: Ержанов Алмат

ҚҰТҚАРУШЫ – ЕРЛЕРГЕ ТӘН МАМАНДЫҚ

ҚҰТҚАРУШЫ – ЕРЛЕРГЕ ТӘН МАМАНДЫҚ


 


Сын сағатта табылатын қасыңнан,


Құтқарушы бар ақылы тасыған.


Қандай қиын кез келсе де жасымай,


Қиындықта жол табатын тосыннан.


 


«Құтқарушы» мамандығы тым ауыр,


Басқаларға сезіле ме сірә бұл?!


Өмірлерін отқа тіккен қорықпай,


«Елім» деген қайтпас қайсар шығар ұл.


 


Өз міндетін атқаратын толықтай,


Өрт пен судан құтқаратын қорықпай,


«Құтқарушы» мамандығы ең күшті,


Тек батырлар қызмет етер торықпай.


 


Өмір қиын, оңай емес бұл жалған!


Тағдырлар көп тілсіз жауға шырмалған.


Құтқарушы келген кезде көмекке,


Көңілдерде үміт гүлі  бүр жарған.


 


Өтесің сен тау-таспенен құмдардан,


Құтқарушы жанарыңда нұр жанған.


Марқаясың ақталса егер еңбегің,


Ризалығын, алғысын ап әр жаннан.


 


Диар АНУАРБЕК,


№7 орта мектептің


7 «А»  «Жас өрт сөндіруші»


 кадет сыныбының оқушысы




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу