Өлеңдер ✍️

  19.10.2022
  1025


Автор: Гүлсім Сатыбалды

Біздің жігіттер

 



Бір жігіт бар.
Еріншек, жатып жейтін,
Құдай берер сұрасаң, атып дейтін.
Ата-анаға асылып зіңгеттей боп,
Жеріндірер, жұртына жақұт кейпін.



Бір жігіт бар.
Тілі жоқ, ұрттамаса,
Іс етпейді, жан терлеп жұрттан аса.
Жарар затын араққа алмастырып,
Қырып-жояр, отбасын құптамаса!


 


Бір жігіт бар.
Жүргендей нұры жанып,
Қыз-қырқынды аулайды шығып алып.
Ана, әпке өзінің қарындасын,
Қорлап жүр дер, жиналған мұңы налып.
Зинақордың жазасы мәңгілік -от,
Өзің қазған ор -дейді, мұны халық!


 


Бір жігіт бар.
Еңбекқор жанары бек,
Қамқор жүрек, қоғамға дара жүрек.
Білім іздеп, талпынып бір тынбайды,
Бейнет түбі, зейнетім бағады деп.


 


Бір жігіт бар.
Мақтаншақ, толып-тасқан,
Ісі олақ, сөзі сұм болып дастан.
Жағымпаздық, жалғандық, жасандылық,
Жәбірейіл жолы ол, жорық бастан.
Бос сөз бекер, ғұмыры өтіп жатқан.
Біліп тұрып, бақ тебер қорықпастан!


 


Бір жігіт бар.
Әйелін, құдай көрген,
Өз өмірін тәрк етіп, құлай берген.
Ата-анасын, бауырын адам етпей,
Қайын жұртқа, жұртым деп ұдайы ерген.
Күн туғанда басына бұл жігіттің,
Сатып кетер әйелі Күн, Ай көрген.
Ақиретте қорғайды өз жұртыңыз,
Жарамайды жігітке бұлай өлген!


 


Жігіттердің қалқасы намыс еді,
Бет-пердесі елімнің жаны сері.
Жер иесі, тірегі шаңырақтың,
Жәй жатпасты, келгенде қанішері.
Біздің елдің жігіті нағыз ер деп,
Мақтанамыз, көргенде таныс елді.
Ылайық бол бауырым, қошеметке,
Бізде ғана өлтірер, намыс ерді!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу