Өлеңдер ✍️

  08.10.2022
  463


Автор: Гүлсім Сатыбалды

Күзгі көрініс

 


Таң бозынан, мұңайып, атып ақ таң,
Сарғыш тартып, далам тұр атыраптан.
Жанып бітпей, бықсыған шоқ секілді,
Жанды көрдім, сарғайған жапырақтан!


 


Бұлт тасалап, қызғанды жарық Күнді,
Күңіренген көк аспан салып мұңды.
Шет ел асқан байлықтың масағындай,
Әлсін, әлсін сәулелер тамып тұрды.


 


Тал жалаңаш, суықта тұнжыраған,
Болып еді көктем, жаз сұңғыла жан.
Өлмейтіндей күн кешкен, мал соңында,
Көріп тұрмын, жауыздай құрғыр адам!


 


Қоңыр үнге тосшы дос, құлақ түріп,
Құстар ұшып бара ма, жылап тұрып?
Жатыр мүмкін, бабалар, қара жерден,
Көр саулығын, ұрпақтан сұраттырып!


 


Күн де қысқа, түн келді қас қағымда,
Жұлдыздар аз, Ай жарты аспанымда.
Тағдыр тартқан, жалшының жанарындай,
Қонақтапты. таңғы шық, тасқа, құмға!


 


Өзгешелеу, биыл күз бақсам ебін,
Жасандылық…., жасыл көп, басқан белін.
Мүмкін биыл, ерекше шешуші сәт,
Сайланатын табиғат…, тапсақ емін!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу