Өлеңдер ✍️

  07.10.2022
  189


Автор: Түрік поэзиясы

САҒЫНЫШТАН ШАРШАДЫМ

Сен кеткелі заман өтті,
Əлде күн,
Əлде өмір...
Білмедім.
Мəжнүн болған бейбағым деп күлмегін.
Терезеден күн сəулесі түскенде,
Селебедей жүрегімді піскенде,
Қорқыныштан жұма берем көзімді,
... Енді қайтып көрмесем ше өзіңді?
Осы болып келетіні бар қолдан,
Төңірекке көз саламын балконнан.
Көше бойы нөпір адам тасқыны,
Олар үшін түк еместей жас құны.
Көбік шашқан көк теңізде, алыста,
Біздің əнді тентек толқын шырқаса,
Қайық, кеме түсті биден жарысқа.
Айтшы, өзіңе осындай хал таныс па?
Есте күндер естелікке айналған...
Қасымда сен, дастарханда шай мен нан...
Бас айналған кездер өтті-ау сайраннан...
Енді бүгін көңіліме қайғы алғам.
Қиын екен жалғыздықты сезінген.
... Жаным, қайтып кездесем бе өзіңмен?
Маған қазір үйір боп тұр барша мұң,
Тек сені ойлап, сағынудан шаршадым.
Бөлмем дағы айналғандай молаға.
... Қайта көрер өзіңді күн бола ма?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу