Өлеңдер ✍️

  07.10.2022
  141


Автор: Назым ХИКМЕТ

ДҮНИЕ, ДОСТАР, ЖАУЛАР, ӨЗІҢ ЖƏНЕ ЖЕР

Дүниеде жаралғаным үшін де,
Мен өзімді бақытты деп санаймын.
Сүйем шексіз топырағын, жарығын,
күрестердің шоқ-отына нан пісірдім талай күн.
Соңғы метрін білсем де жер радиусының,
білсем де оның күн қасында ойыншықтай екенін,
дүние – ұлы, ұлы менің мекенім.
Дүниені келеді ылғи шарлағым:
Халықтарды көргім келеді көрмеген,
балықтарды көргім келеді көрмеген –
Жұлдыздарды түнгі аспанға өрлеген.
Европаға сапар шектім кітап жүзінде ғана,
Азиядан көрген емен хат алып.
Кварталдас көршім менің дүкенші –
екеуімізді Америкада ешкім білмей жатады.
Қарамастан осыған –
Қытай менен Испания арасы,
Аляска мен Үміт мүйісінде сол,
əр теңіз, əр құрлықта қас-досым бар,–
Оларменен тілдесем.
Достарым ол көріспеген ғұмыры,
бірақ біздің əрқайсымыз,
өле аламыз бостандық пен нан үшін –
адамзаттың намысы.
Ал, жауларым менің қанымды ішсек деседі безеріп,
менің де ернім кетеді сонда кезеріп.
Менің күшім – жалғыз емес екенімді сеземін.
Құпия емес мен үшін
Дүние де, оның адамдары да.
Ұлы күрес жолына аттанатын сапта орным,
Сондықтан да мекендеймін қақ төрді.
Күрессіз, жер,
қанша көркем бола бер,
ұнамас еді ұсқының,
күресің бар:
сүйкімдісің жұмыр жер,
мен сондықтан күштімін




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу