Өлеңдер ✍️

  07.10.2022
  106


Автор: Нəжіп Фазыл ҚЫСАКҮРЕК

Бір заманда дүниеге бірақ адам келеді...

Бір заманда дүниеге бірақ адам келеді,
Айтқан сөзі оқтай боп, желдей есіп келеді.
Біздің Жүніс,
Біздің Жүніс.
Бір заманда дүниеге бірақ адам келеді,
Жүрмейді оған сірə да өлімнің де дегені.
Біздің Жүніс,
Біздің Жүніс.
Бір заманда дүниеге бірақ адам келеді,
Ел есінен кетпейтін құдіреттей кемелі.
Біздің Жүніс,
Біздің Жүніс.
Бір заманда дүниеге бірақ адам келеді,
Заман оны аңыз деп, ертегідей еледі.
Біздің Жүніс,
Біздің Жүніс.
Бір заманда дүниеге бірақ адам келеді,
Топыраққа көмілмес даңқы дария сел еді.
Біздің Жүніс,
Біздің Жүніс.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу