Өлеңдер ✍️

  07.10.2022
  137


Автор: Түрік поэзиясы

ҚЫСТАҒЫ ОЙЛАР

Жаз өтіп кетті, күндер де өтті тамаша,
Қуанған кездер, шаттанған кездер балаша.
Сондағы біздің сезімге айсыз түндерде
Қалушы еді-ау қараңғылықта жараса.
Бақытқа бөлеп даланың бағы мəуелі,
Шалқытты-ау бізді теңіздің шулы əуені.
Тамыздың айы сəулесін төгер төбеден,
Қызықтар қайда жағажайдағы əдемі.
Ғажап қой өмір! Қоштасқың жазбен келмейді,
Біздерді бірақ қаһарлы қыс кеп тергейді.
Қайда сол күлкі, қайда сол дауыс, сол əуен,
Бəрі де артта қалды дегенге көңіл сенбейді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу