Өлеңдер ✍️

  07.10.2022
  300


Автор: Ашық Вейсел ШАТЫРОҒЛЫ

Сен мені қорлама, бауырым...

Сен мені қорлама, бауырым,
Сен алтын, мен сонда қола ма?
Мастанып жүргенге дəуірің,
Адамды жүндеуге бола ма?
Бар ма еді басқадан айырмаң,
Бөлекше ме еді əлде денең де.
Жар бермес əдетің жайылған,
Қара жер тең қылар дегенге.
Ал, айтшы, өмірден нені ұқтың,
Қол созба у жаққан жебеңе.
Несіне атойлап желіктің,
Сен бал да, мен сор ма ем, немене?!
Бəріміз адамнан жаралдық,
Нəпсіңді өлтіргін, өлместен.
Бойыңа жұқтырма қараулық,
Күйді ешкім кешпесін сен кешкен.
Биікке шықпаймыз имансыз,
Шегі жоқ кер кетсек əуренің.
Пендеміз, жалғанға мейманбыз,
Жоқ əлде мəңгілік жан ба едің?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу