Өлеңдер ✍️

  07.10.2022
  111


Автор: Қайғысыз АБДАЛ

Бұл дүниенің мысалы

Бұл дүниенің мысалы
Үлкен шаһар секілді,
Еншіңе тиген өмірің
Тез тарқар базар секілді.
Шаһарға əркім келеді,
Жазғанын сосын көреді.
Кері қайтып кетеді,
Келмес сапар секілді.
Шаһарда түрлі тіршілік,
Əлсізден зорлар тұр шығып.
Байғұстарды алдайтын,
Алаяқ қулар секілді.
Алғашында сұрап хал-жайды,
Сұлудай сені арбайды.
Кетеді сосын айналып,
Кəрі хайуан секілді.
Басында дəмі шекердей,
Таңдайды ойып кетердей.
Соңында болар ащысы,
Жыланның уы секілді.
Бұл шаһарда арман көп,
Арманға сеніп қалған көп.
Бəрібір бірақ алданар,
Жайылған сиыр секілді.
Үш жол шығар шаһардан,
Жұмақ пен тозақ апарған.
Енді бірі Алланың
Арманындай секілді.
Өз бағасын білгенді,
Данышпан дең-ді, дүр дең-ді
Оның əрбір тынысы
Сүт пенен балдай секілді.
Кім білсе əлін, шамасын,
Сұлтан деп оны қаласың.
Өзін-өзі білмеген
Ақымақ есек секілді.
Қайғысыз Абдал көрді ғой,
Жыр қылып бəрін өрді ғой.
Махаббат барда дүние,
Құлпырған көктем секілді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу