Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  313


Автор: Түрікмен поэзиясы

Жол

Əйелдерді сүйдім мен
Мына жердің үстінде.
Кезім болды күйінген
Жолда қапы түстім де.
Достарым көп деп едім,
Сенетінін таппадым.
Өкінішіне мен оның
Жүрегімді сатпадым.
Зұлым, жауыз болмадым,
Жақсыға жақ түстім де.
Əлсіздерді қорғадым
Мына жердің үстінде.
Кезбе жандай кейде мен
Көрмей кеттім үй бетін.
Шарапқа да шөлдегем,
Жалғап бірде күнге-түн.
Бір парызым өтеліп,
Үйге мейман жинадым.
Көңілдерін көтеріп,
Шын ниетпен сыйладым.
Тазалықты таңдадым
Əке ізіне түстім де.
Болған екен сол – бағым,
Мына жердің үстінде.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу