👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  73


Автор: Түрікмен поэзиясы

ЖОЛ ҮСТІНДЕ

Шөл үстінде сəйгүлікпен желемін,
Жолым сəтті боларына сенемін.
Жыламашы, қайғырмашы, анашым,
Сен пісірген шелпек – менің бар асым.
Шөлден саған гүлдер алып келемін,
Неше алуан түрін табам мен оның.
Мені онда жылытады күн сүйіп,
Алтын сəуле құшағыма тұр сыйып.
Ыстық күнде, шаршағанда желпіп жел,
Өзімді де, сəйгүлікті сергітер.
Бақташымен кешкі алау жанында
Əңгімені қыздырамын тауымда.
Ізім қалған қырларымда шағылды,
Мен өзімнің көрем жастық шағымды.
Содан бір кез атқа мініп қайтадан,
Көшкен бұлтша сапарыма аттанам.
Достарыма айтшы мені, анашым:
– Оны шөлден сəйгүлікпен табасың


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы