Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  353


Автор: Түрікмен поэзиясы

МЕН ОСЫНДАЙ ƏЙЕЛМІН

Тауға неге кеттің сен тұман басқан?
Менің махаббатымнан не бар асқан.
Шаштарымда ерніңнің ізі қалды,
Тарқат оны, сүйіктім, ойланбастан.
«Ару!» дедің. Ал əлем ол бір жұмбақ.
Жүрек салқын, денем – от, тілім құрғақ.
«Саған арнап жыр жаздым» десем егер,
Жүрекке жол табар ма ең, үнін тыңдап?
«Ыстық сенің құшағың...» дедің талай,
Келмей қалдың бірақта,
Оның қалай?
Өзіңменен қоштасқан сол өзеннің
Жағасында – жабырқау қалың тоғай.
Жел аймалап, «Сүй, қане, мені!» дей ме,
Қарлы таулар бір күні ерімей ме.
Махаббаттан, сенен де шаршап сонда,
Қайран жүрек бəрінен жерімей ме.
... Қарлы таулар басында – тағы тұман.
«Сүйемін» деп айтпасаң, жаным – күмəн...
Махаббатың мені өзі іздеп келсін,
Мен осындай əйелмін, сабыр қылам




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу