Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  206


Автор: Түрікмен поэзиясы

Отаным, сені қорғаймын!

Сен – тамырда қанымсың, денеде – жан.
Өзіңді қорғаймын мен, жан-Отаным!
Жауыңды жерге жаншып, кегіңді алам,
Өзіңді қорғаймын мен, ұлы Отаным!
Ташауыз, өтті өмірдің жастық шағы,
Қаншама су ағызды Əму дағы...
Мары, Ашғабат жəнеде Байрамалы,
Өзіңді қорғаймын мен, ұлы Отаным!
Шомылған күн нұрына бақша-бауың,
Жинаймыз жемістің де сан алуанын.
Күнге қарай ұмсынған асқар тауың.
Өзіңді қорғаймын мен, ұлы Отаным!
Теңізің, құм шағылың – ұлан-байтақ,
Қазынасын ұрпақ үшін келген сақтап.
Өрнектеп жазираңды өзен ақпақ...
Өзіңді қорғаймын мен, ұлы Отаным!
Жайнап өссін гүлдерім, келді көктем!
Раушанға ғашық бұлбұл əнін төккен!
Қырағы көз салғандай қыран көктен
Өз елім, өз жерімді қорғаймын мен!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу