Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  168


Автор: Түрікмен поэзиясы

Өзен үстінде

Тұнық өзен! Жан жадырап, тамсанар,
Шақырады жағалауы тамылжып.
Күндіз, түнде барсаң күліп қарсы алар
Ұйқыны қой,ұлы дала таңын күт!
Өзен! Сені көріп, жүрек шаттанар,
Тереңің де күміс түстес тұп-тұнық.
Суға малды жапырағын мəжнүнтал
Сұлулыққа ғашықтығын ұқтырып.
Ата үйректер айналшықтап шыға алмай,
Күш сынасып, барқылдасып тіл қатар.
Шүйіліп кеп қыран қайран қыла алмай,
Бір шолп етіп, алабұға шым батар.
Тынып қалып толқындардың шолпылы,
Естіледі балықшы айтқан таныс əн.
Аққу құстай желкен қанат серпіді,
«Мен келем!» – деп белгі беріп алыстан.
Таңмен келіп, су сылдырын тыңдаймын,
Қайықтарға қарап тұрып жарысқан.
Мен де сені мақтан қылып жырлаймын,
Ер балықшы, ескегімен алысқан!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Дінислам
Дінислам 29.01.2024 13:30
Әдемі

Пікір жазу