Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  81


Автор: Түрікмен поэзиясы

Теңізде

...Жастық шақтың
Жалын түні –
Мен он сегіз жастамын.
Арулардың
Асыл гүлі –
Сона менің асқағым.
Толған Айдың
Алтын нұры –
Сондай жарқын жас жаным.
Сүттей аппақ
Теңіз үсті –
Алдымызда ашылған.
Сансыз сəуле
Күміс түсті –
Жұлдыздардай шашылған.
Махаббаттың
Сиқырына –
Біздің жүрек бас ұрған!...
Сол сиқырға
Біздер міне –
Көзді жұмып ереміз.
Жағалауға
Екеуміз де –
Жүзіп бірге келеміз.
Сол тілекке
Жетеміз бе –
Тағдыр қосса көреміз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу